300 мың теңге көлемінде пара алу оқиғасы тіркелді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Хабарламада «2015 жылғы 5 мамырда аталған ведомствоның жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары Бурабай ауданындағы Зеленой бор кентіндегі дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өткізілетін мемлекеттік сатып алу бойынша байқауда жеңуіне көмектеспек ниетте кәсіпкерлік субьектісінен 300 мың теңге көлемінде пара алған», деп айтылған.