Саңырау болу адамдарды бақытсыздыққа ұшыратады. Себебі, дыбыс арқылы әлемнің түрлі ғажайыптарын біле аласың. Туа біткен кереңдік – сұмдық құбылыс. Алайда, сап-сау адамдардың кенеттен керең болып қалуы мүлдем қорқынышты жағдай.
Есту қабілеті – суық тиген кезде, тұмау болғанда нашарлап кетуі мүмкін. Ондай кезде міндетті түрде құлақтағы суықты алатын дәрілерді пайдаланып, бірден ем жасау керек. Сонымен қатар, жеке бас тазалығын сақтау да маңызды рөл атқарады. Құлақты үнемі тазалап тұру керек. Есту қабілетінің нашарлауының тағы бір себебі – кәрілік. Қартайған сайын есту қабілеті де нашарлай түседі. Қартайған шаққа дейін жақсы есту үшін, әрдайым құлақты күтіп жүру керек.

Ол үшін халықтық ем көп көмектеседі. Жүз жыл бұрын осы әдістерді құлақтың кереңдігі, суық тигендігі, сонымен қатар түрлі инфекцияның пайда болуы кезінде пайдаланған болатын. Нәтиже жаман емес!
Бал мен даршын
Бал мен даршынды біркелкі етіп араластырып, күн сайын жеп тұру керек. Күніне 3 асқасық жеткілікті. Есту қабілетін жақсартып, ағзаның басқа да зиянды бактериялармен күресуіне көмектеседі.
Қызыл шарап пен көк шай
Қызыл шараптың құрамында да көк шайдағы сияқты антиоксиданттар көп. Олар құлақтың ішіндегі түкті қорғайды. Олардың қызметі өте маңызды. Түк – естуді жоятын бактерияларға тосқауыл қояды. Күнделікті ішетін сусынның құрамына көк шайды қосу керек. Және арасында қызыл шарап та ішкен жөн.
Сарымсақ
Есту қабілетін жақсарту үшін сарымсақтың бірнеше түйірін алып, суын шығарып, зәйтүн майымен теңдей етіп араластыру керек. Майды дәке арқылы өткізген дұрыс. Күніне 3-4 тамшыдан екі уақыт тамызу қажет. Тамызған соң құлақты міндетті түрде мақтамен жауып қою керек.
Қызыл пияздың шырыны мен сарымсақ шырыны
30 мл қызыл пияздың шырыны мен 30 мл сарымсақтың шырынын араластырып, күніне бірнеше рет ішу керек. Нәтижеге жылдам қол жеткізуге болады. Есту қабілеті жақсарып, құлақ ауырмайтын болады.
Сонымен қатар, құлақтағы жағымсыздықты сезгенде уқалаған жақсы. Әсіресе ырғақты әндер мен қатты дыбыстарды тыңдаған кезде. Есте сақтаңыз, құлақ тазалығын міндетті түрде сақтап тұру керек. Сол кезде есту қабілеті де нашарламайды, http://takprosto.cc/ сайтынан алынды.
Аударған: Гүлім Тоқтарбаева