Forbes әлемдегі ең қымбат брендтердің жүздігін атады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Forbes әлемдегі ең қымбат брендтердің жүздігін атады

Forbes әлемдегі ең қымбат брендтердің жүздігін атады

Америкалық Forbes жорналы әлемдегі ең қымбат 100 брендтің рейтингісін жариялады, деп хабарлады   Росбалт

  • 14 Мамыр 2015
  • 354
Фото - Caravan.kz

Басылым атап өткендей, рейтингті құрғанда соңғы үш жылдағы компания табысы мен брендтің түрлі салалардағы кіріске әсері ескерілді.  Оған 15 ел мен 20 саладағы брендтер енді. Рейтингтің шамамен жартысы — американдық брендтер.

Тізімнің басында Apple компаниясы, оның бренді 145,3 млрд. долларға бағаланды. Өткен жылдың соңғы тоқсанында  компания әлем бойынша 74,8 млн. смартфон сатты, тоқсандағы пайда 18 млрд. долларды құрады.

Екінші орында құны 69,3 млрд. доллар болатын Microsoft бренді, одан кейін — Google ($65,6 млрд).

Рейтингтегі 4-орында — Coca-Cola компаниясының бренді, құны $56 млрд, бесінші — IBM ($49,8 млрд), алтыншы — McDonald's ($39,5 млрд), жетінші — Samsung ($37,9 млрд), сегізінші — Toyota ($37,8 млрд), тоғызыншы — General Electric ($37,5 млрд). Рейтингтің ондығын  Facebook тұйықтады. Әлеуметтік желі бренді 36,5 млрд. долларға бағаланды.


Рейтингтегі алғашқы 20 брендке Disney, AT&T, Amazon, Louis Vuitton, Cisco, BMW, Oracle, Nike, Intel, Wal-Mart енді.