Сот судьяны шапалақпен ұрған заңгерді бостандыққа шығармай қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот судьяны шапалақпен ұрған заңгерді бостандыққа шығармай қойды

Сот судьяны шапалақпен ұрған заңгерді бостандыққа шығармай қойды

Судьяны сапалақпен ұрған қарағандылық заңгер Евгений Танков мерзімінен бұрын бостандыққа шықпайтын болды. 3 жылға сотталған оның арызын сот қанағатттандырмай тастады.

  • 15 Мамыр 2015
  • 228
Фото - Caravan.kz

Колония басшылығы Танковтың тәртіп бұзбағанымен, түрмедегі мадени іс-шараларға қатыспайтынын айтқан. Апелляциялық соттың оны мерзімінен бұрын бостандыққа жібермеуіне осының өзі жеткілікті екен. Естеріңізге салсақ, былтыр наурыз айындағы сот процесі кезінде Евгений Танков судья Арай Алшынбековті сапалақпен ұрған еді. Сапалақ сілтегенмен, таяқтың көбін өзі жегенін мына кадрлерде анық көруге болады. Қолына бірден кісен салынған ол, осылайша Алшынбековтің біліксіздігіне  қарсылық білдіргенін айтып, өзін судьяны сыйламады деген бап бойынша соттауды сұраған. Алайда Алшынбековтің әріптестері Танков судьяның өміріне қауіп төндірді деп тауып, оны 3 жылға түрмеге жапқан болатын.