Назарбаев Ақордаға Мәсімовты шақыртты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Ақордаға Мәсімовты шақыртты

Назарбаев Ақордаға Мәсімовты шақыртты

Бүгін президенттің жұмыс кабинетіне таңда кірген премьер-министр ауқымды міндетпен шықты.

  • 15 Мамыр 2015
  • 275
Фото - Caravan.kz

Экономиканың даму қарқыны мен миллиардтар бөлінген мемлекеттік  бағдарламалардың орындалуы жайлы есеп берген соң Үкімет басшысы, басын изеп Елбасыны үнсіз тыңдады. Ал президент 5 реформаны жүзеге асыруға тікелей жауапты премьер-министрге тезірек іске кірісуге пәрмен берді. Себебі Кәрім Мәсімов мемлекеттік қызмет, сот жүйесі секілді тағы бірнеше салаға реформа жасайтын Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияны басқарады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Барлығын келістік. Комиссия құрылды. Тапсырмалар берілді.  Қазір енді комиссияның жұмысын тездету керек. Жаздың соңына дейін яғни, қыркүйектегі сессияға заңа енгізетін өзгерістерді дайындап алуымыз керек. Шаруаның тоқтамауы үшін. Көктемгі егіс жұмыстарын да ұмытпау керек. Басқа да  мәслелер тағы бар.