Қоғамдық көліктердің тәртіпсіздігі таспаланған видео ғаламторға бүгін салынған екен. Тек авторы астына ешқандай ақпар қалдырмаған. Ал таспада жарысып жүргендер анық көрінеді. Тіпті жолдағы таластың қызу жүргені сонша автобус пен троллейбус қарсы бағытпен жүйткіген. Мұнысымен қоймай, екеуі бағдаршамның қызыл түсін де елеген жоқ. Видеода троллейбустың нөмірі түспегенімен, автобустікі анық. №30-шы бағатта жолаушылар тасымалдап жүрген қоғамдық көліктің мемлекеттік нөмірі — 298 ВН