Алматыда ақша тиелген көлікті полицейлерден қашқан жүргізуші төңкерген - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ақша тиелген көлікті полицейлерден қашқан жүргізуші төңкерген

Алматыда ақша тиелген көлікті полицейлерден қашқан жүргізуші төңкерген

Алматыда полицейлерден қашқан жеңіл көлік иесі инкассаторларды соғып, төңкеріп тастады. Қала ішінде жүйткіген темір тұлпарды жол сақшылары байқап қойған екен.

  • 15 Мамыр 2015
  • 226
Фото - Caravan.kz

Із жасырып үлгерем деген «Хонда» жүргізушісі бағдаршамға қарамай ақша толы көлікті бүйірден оңдырмай соққан. Бронды «Газель» аударылып қалды. Ал жеңіл көліктің сау тамтығы жоқ. Өйткені, инкассаторларды соққаннан кейін де жол жиегіндегі ернеуді қиратып, ағашқа шаншылған екен. Апат салдарынан жараланған «Хонда» тізгініндегі жігіт пен жолаушы және «Газельдің» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жарасы жазылған соң айыпты азаматқа қомақты айыппұл салынуы, тіпті темір торға да тоғытылыуы мүмкін.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

Қазіргі таңда азаматтардың алған дене жарақаттарының деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Содан кейін процессуалды шешім қабылданатын болады. Қай бап бойынша іс қозғалуы соған байланысты.