Кабулда қазақ қызы күйеуімен бірге қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кабулда қазақ қызы күйеуімен бірге қаза тапты

Кабулда қазақ қызы күйеуімен бірге қаза тапты

Тәліптер 28 жастағы Әйгерім Абдуллаева тұрып жатқан қонақүйге тәліп жасақтары шабуыл жасап, оқты қарша боратқан.

  • 15 Мамыр 2015
  • 263
Фото - Caravan.kz

Осы сәтте қонақүйде шетелдіктер үшін мерекелік концерт өтіп жатқан екен. Қарулы лаңкестер ішке басып кіріп шетел азаматтарын кепілге алыпты. Оқиға орнына жеткен полицейлер нысанға кіре алмай, тәліптермен 7 сағат бойы атысқан. Қақтығыс кезінде АҚШ, Ұлыбритания,Италия, Индияның 14 азаматы қаза тапты. Сондай-ақ ,беліне бомба байлап алған жанкештілердің көзі жойылған. Марқұмдардың арасында жерлесіміз Әйгерім Абдуллаева мен оның италиялық күйеуі бар. Италия азаматы бұған дейін еліміздің Инвестиция және даму министрлігінде кеңесші боп істеген екен. Жақында ғана марқұм- ерлі зайыптылар сәуірде Астанаға демалысқа келіп, Кабулға оралыпты. Әйгерім Абдуллаеваның денесін елге жеткізумен Сыртқы істер министрлігі айналысып жатыр.