АҚШ-ты жұмыссыздық жайлап барады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-ты жұмыссыздық жайлап барады

АҚШ-ты жұмыссыздық жайлап барады

АҚШ-та жұмыссыздар қатары күн санап артып келеді.

  • 15 Мамыр 2015
  • 421
Фото - Caravan.kz


Елде соңғы бірнеше аптада жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш білдіргендер саны күрт өскен.

Бұл туралы мәліметтерді АҚШ-тың еңбек министрлігі апта сайын жариялайды, деп жазады khabar.kz.

Мемлекеттің көмегіне зәру жандар әсіресе, соңғы 3 аптада қарқынды өсіп отыр. Осылайша 18-25 сәуір аралығында жұмыссыздар саны 262 000-ды құраса, 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында бұл көрсеткіш 265 мыңға жеткен. Ал 2-9 мамыр аралығында жұмыссыздар саны тағы 10 000-ға артып, 275 000-ды көрсетті.