Бір тәулік ішінде жоғалған 10 адам табылды - Алматы облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір тәулік ішінде жоғалған 10 адам табылды - Алматы облысы

Бір тәулік ішінде жоғалған 10 адам табылды - Алматы облысы

Алматы облысының ІІД-де 13-14 мамырда аймақ аумағында «Қаңғыбас» шарасы өтті.

  • 15 Мамыр 2015
  • 343
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің күші бұл күні із-түзсіз жоғалғандарды анықтауға бағытталды.

Бірінші күннің нәтижесі бойынша полицейлер өткен жылдан және ағымдағы жылдың басында жоғалған деп саналған 10 адамды тапты. Олардың ішінде  3-уі кәмелет жасқа толмаған.

«Осылайша, Іле АІІБ қызметкерлері үйінен қашып, соңғы 8 ай бойы ОҚО-да жігітімен бірге тұрған 24 жастағы қызды тапты. Қапшағай полицейлері 2015 жылдың 27 сәуірінен бері іздеуде жүрген 15 жастағы қызды ата-анасына қайтарды», — деп атап өтті облыстық полициядан.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 5 адамды ұстады. Мәселен, Қырғызстанда 2013 жылы ақпанда Алматы облысы Іле ауданындағы топтық қарақшылық шабуылға қатысты деп күдіктелген 25 жастағы ер адам ұсталды.