Жеңістің 70 жылдығына орай 9-мамыр күні рұқсатсыз автошеру ұйымдастырған жүргізушілермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
— Қазақстан Республикасы Конституциясының 32-бабына және «ҚР Прокуратура туралы» заңнамасының 2,3-баптарына сәйкес, акцияларды өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша түрде берiледi. Әрине, қала тұрғындарының белсенді болғаны жақсы, бірақ автошеруді ұйымдастырушылар алдын ала жергілікті атқарушы орган Ақтау қаласының әкімдігі және жол-патрульдік полициясынан арнайы рұқсат алуы тиіс, — деген Нұрлан Алдыбайұлы, аталған түсіндіру шарасы автошеруге қатысқан жүргізушілерді айыптау ретінде емес, қоғамдық тәртіпке шақырып, оларға заңдық тұрғыда түсіндіру мақсатында өткізіліп отырғанын айтты.
Жүргізушілерден өткен акцияға байланысты түсініктемелер алынып, келесіде қайталанбауы қатаң ескертілді.