Қырғызстанның халық жазушысы Маархабат Ааматов Сәбит Досанов шығармашылығы интернационалдық сарында, оның шығармалары бауырлас Қазақстан мен Қырғызстан халқын байланыстыратынын айтты.
Қырғыз депутаттары атынан келген ҚР Жогорку Кенеш аппараты басшысының орынбасары Суйунбек Касмамбеков туған күн иесін құттықтап, шығармашылығымен екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.
Қырғызстанның халық жазушысы Мелис Абакиров «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында С.Досановтың туындылары қырғыз тіліне аударылып, осы елде танымал екенін атап өтті.
Мәскеу қаласындағы қазақ диспорасының өкілдері атынан Серік Тойғанбаев жылы лебізін білдірді.
Шара соңында С.Досанов жинаған қауымға ризашылығын білдіріп, қырғыз тіліне аударылған «Қасқыр ұлығанда» кітабын тарту етті.
