Бас прокуратура ветеринарлардың былығын әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура ветеринарлардың былығын әшкереледі

Бас прокуратура ветеринарлардың былығын әшкереледі

Ветеринарлар жалған анықтама жасауды жолға қойған. Малдың  саулығына байланысты жүздеген құжаттың заңсыз жасалғанын Бас прокуратура анықтады. Осындай құлқыны кең қызметкерлер кесірінен дүкендер мен базарларға ешқандай тексеруден өтпеген тонна-тонна ет жеткізіліпті. Оның үстіне ветеринарларлық қызметтің өте көп мөлшерде  сапасыз вакциналарды сатып алғаны әшкереленіп отыр.

  • 16 Мамыр 2015
  • 458
Фото - Caravan.kz

Ірі қараға сапасыз вакцина егілгендіктен Қазақстанда соңғы кездері  бруцеллёз күрт көбейіп, ауру мал саны 2 есе артқан. Ал бөлінген қаржы қыруар. Бақандай 80 миллиард теңге желге ұшты. Өйткені, ветеринарлар сатып алған сапасыз вакцина салдарынан соңғы 3 жылда шаруалар 300 мың бас малдың көзін жоюға мәжбүр болған. Аймақтардағы қызметкерлер болса, малға вакцина салынғаны туралы құжат толтырумен ғана шектеліпті. Яғни , іс жүзінде ешқандай вакцинация жасалмаған. Тіпті бруцеллёзге қатысты ахуалды тексеріп, талдаумен де ешкім айналыспаған. Салдарынан соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстанның 5 аймағы ет өнімдерін экспортқа шығара алмай отыр. Осыған орай Бас прокуратура  25 қылмыстық іс қозғады. Енді әртүрлі деңгейдегі ветеринарлық қызметтердің басшылары заң алдында жауап беретін болады.