Астанада танымал кәсіпкер Қайрат Жамалиевке қатысты іс тергеліп болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада танымал кәсіпкер Қайрат Жамалиевке қатысты іс тергеліп болды

Астанада танымал кәсіпкер Қайрат Жамалиевке қатысты іс тергеліп болды

Атышулы астаналық бизнесмен Қайрат Жамалиевке қатысты қылмыстық іс тергеліп бітті. Кәсіпкер тоқалына қырындаған жас жігітті өлімші етіп сабап тастаған болатын.

  • 16 Мамыр 2015
  • 492
Фото - Caravan.kz

Жұрттың жағасын ұстатқан шулы істі тергеуді полицейлер үш аптада аяқтады. Қазір том-том іспен айыпталушы да, жәбірленуші де адвокаттарымен бірге танысып жатыр. Кейін іс сотқа жіберіліп, процесс маусым айында басталуы мүмкін. Астанадағы қымбат мейрамхана, қонақүй мен құрылыс компанияларының қожайыны 45 жастағы Қайрат Жамалиев тоқалына көз салған 24 жастағы  Әліби Жұмағұловты асқан қатігездікпен сабап тастаған еді. Алайда, қамауда отырған кәсіпкер кінәсін мойындап отырған жоқ. Айтуынша, бұл оқиға бизнесін тартып алу үшін әлдекімдердің қасқана ұйымдастырған арандатуы екен.