Сербияда той куәгері 6 адамды атып өлтіріп, соңында өз-өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сербияда той куәгері 6 адамды атып өлтіріп, соңында өз-өзіне қол жұмсады

Сербияда той куәгері 6 адамды атып өлтіріп, соңында өз-өзіне қол жұмсады

Сербияда тойдан кейін болған отбасылық ұрыс-керіс салдарынан кем дегенде 7 адам мерт болды, www.24.kz.

  • 18 Мамыр 2015
  • 363
Фото - Caravan.kz


Елдің Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиға жексенбі күні елдің солтүстігіндегі Мартонош елді мекенінде болған. Ведомствоның мәліметтері бойынша тойда куәгер болған ер адам екінші күні мылтықпен туған-туыстары мен жас жұбайлардан тұратын 6 адамды атып өлтіріп, одан кейін өзін-өзі атып тастады. Оқиға себептерінің негізгі нұсқасы — отбасылық кикілжің. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.