Жамбылдық ЖОО Еуразиялық университеттер қауымдастығының құрамына енді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылдық ЖОО Еуразиялық университеттер қауымдастығының құрамына енді

Жамбылдық ЖОО Еуразиялық университеттер қауымдастығының құрамына енді

Санкт-Петербург қаласындағы мемлекеттік білім беру мекемесінде өткен Еуразиялық қауымдастықтың он үшінші съезінде

  • 18 Мамыр 2015
  • 520
Фото - Caravan.kz

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін осы ұйым мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылданды, деп хабарлады «Zhambylnews» ақпараттық агенттігі.

Қауымдастықтың ХІІІ съезіне Әзербайжаннан, Армениядан, Беларусьтан, Қырғызстаннан, Молдовадан, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан, Украинадан және Ресейден Еуразия университеттер қауымдастығының мүшелері — ректорлар мен жоғары оқу орындарының өкілдері келді.

Қатысушылар Қауымдастықтың мүше-университеттері ынтымақтастығының негізгі бағыттарын, ЕУҚ қызметінің ұйымдастыру мәселелерін қарады.

Еуразия университеттері қауымдастығына жаңа мүшелер қабылданды, сондай-ақ Қауымдастықтың басқару органдары мен Тексеру комиссиясының сайлауы өтті.

Еуразия университеттерінің құрамына 12 жоғары оқу орны кірді, олардың ішінде үш қазақстандық ЖОО — М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті бар.

Сондай-ақ шара барысында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Санкт-Петербург ұлттық механика және оптика ақпараттық технологиялар университеті магистранттарды бірлесе даярлау жөнінде шартқа қол қойды.


Еуразиялық университеттер қауымдастығы 1989 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің бастамасымен КСРО университеттер қауымдастығы ретінде құрылған болатын. 1992  жылы Қауымдастық Еуразиялық университеттер қауымдастығына айналды.

Қазіргі кезде қауымдастық Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Украина елдерінің 130 университетін біріктіріп отыр.