Қостанай облысында жаппай қырылған 5 мыңнан астам ақбөкен өлігі көмілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында жаппай қырылған 5 мыңнан астам ақбөкен өлігі көмілді

Қостанай облысында жаппай қырылған 5 мыңнан астам ақбөкен өлігі көмілді

Қостанай облысында «Алтын дала» табиғи резерватында соңғы жылдары ақбөкеннің жаппай қырылуы  орын алуда.

  • 18 Мамыр 2015
  • 977
Фото - Caravan.kz

Қостанай облысының әкімі Нұрәлі Сәдуақасов қырылған далалық бөкендерді жедел түрде  көму шаралары қабылданғанын мәлімдеді. Соңғы күндері 5400 бөкен көмілген, деп нақтылады өңір басшысы. 

Н. Сәдуақасовтың пікірінше, таяу уақытта ақбөкен өлім-жітімі тоқтайды  деген үміт бар. Әкім өзінің орынбасары Базыл Жақыповтың басшылығымен арнайы комиссия құру туралы өкім шығарды. ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің мамандары келді.   Шұғыл санитарлық-эпидемологиялық шаралар қабылдануда, деп хабарлады өңір басшысы.

Жануарлар өлген жерде  30 бірлік техника мен 150 адам жұмыс істеуде.