Қостанай облысында қырылған киіктердің саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында қырылған киіктердің саны артты

Қостанай облысында қырылған киіктердің саны артты

Қостанай облысында киіктер әлі де қырылып жатыр. Өлген түз жануарларының саны 10 мыңға жеткен. Енді ветеринарлар 16 мың гектар жерді тазартып шығуы тиіс.

  • 19 Мамыр 2015
  • 279
Фото - Caravan.kz

Жұттың ошағы Амангелді ауданында төтенше жағдай жарияланып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен облыс әкімінің орынбасары арнайы штаб құрды. Алғашқы болжам да бар. Киіктер бұл жолы да пастереллез ауруынан қырылуы мүмкін. Себебі, жылдың осы маусымында жануарлардың ағзасы инфекцияға қарсы тұра алмай қалады екен. Осы ауру кесірінен Батыс Қазақстан облысында да 12 мыңдай бас киік қырылған болатын.