Араб валюталық қорының директорлар кеңесінің төрағасы Алматыға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Араб валюталық қорының директорлар кеңесінің төрағасы Алматыға келеді

Араб валюталық қорының директорлар кеңесінің төрағасы Алматыға келеді

Дүйсенбі күні БАӘ-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шәріп Әбу-Дабиде Араб валюталық қорының (АВҚ) директорлар кеңесінің төрағасы доктор Әбдурахман бен Абдалла әл-Хамидимен кездесу өткізді. 

  • 19 Мамыр 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz


АВҚ басшысы ағымдағы жылдың 19-21 мамырында Алматыда өтетін Исламдық қаржы қызметі бойынша кеңес саммитіне (IFSB) қатысады. 

Араб валюталық қоры (Arab Monetary Fund, AMF) — 1976 жылы 27 сәуірде құрылған аймақтық қаржы ұйымы. Штаб-пәтері Әбу-Дабиде орналасқан. Оған Араб мемлекеттері лигасының 20 мемлекеті кіреді. 
Қор мүшелері: Алжир, Бахрейн, Джибути, Мысыр, Иордания, Ирак, Йемен, Катар, Комор аралдары, Кувейт, Ливан, Ливия, Мавритания, Марокко, БАӘ, Оман, Палестина, Сауд Арабиясы, Сирия, Сомали, Судан, Тунис.
Әңгіме барысында қазақстандық дипломат исламдық қаржыландыру Қазақстанға 1997 жылы тамыз айында келгенін айтты. Бұл кезде Ислам даму банкі Алматыда өзінің аймақтық кеңсесін ашқан. 
Қазақстан — исламдық қаржыландыруды енгізу бойынша заңнама дәрежесінде шаралар қабылдаған ТМД және Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Алғашқы ислам банкі — «әл-Хилял» («Жарты ай») ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы Келісім негізінде 2007 жылы құрылған. Банктің екі филиалы бар. Олар — Астана мен Шымкентте, бас кеңсесі — Алматы қаласында. Банктің Қазақстандағы капитализациясы 500 млн. АҚШ долларын құрайды, ол алдағы уақытта ұлғаймақ. Осы кезге дейін шамамен 20 кәсіпорын қаржыландырылды. Банктің негізгі клиенттері ҚР экономикасының келесі салалары болып табылады: көтерме сауда, байланыс қызметі, көлік қызметі, қаржылық делдалдық, құрылыс, тамақ және ауыл шаруашылығы және т.с.с. салалары. 
Қ.Лама Шәріп ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевты «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» халықаралық сыйлығымен марапаттау Қазақстанның ислам әлеміндегі үлесін мойындауды білдіретінін атап өтті. Марапаттау рәсімі Дубайда 2014 жылы қазан айында 10-шы Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумының ашылуында болған еді.