Алматы полициясы 10 жасар қыз баланы зорламақ болған педофилді іздестіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы 10 жасар қыз баланы зорламақ болған педофилді іздестіруде

Алматы полициясы 10 жасар қыз баланы зорламақ болған педофилді іздестіруде

Алматы полициясы кішкентай қыз баланы зорламақ болған педофилді іздестіруде.

  • 19 Мамыр 2015
  • 463
Фото - Caravan.kz

Родостовец көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінде белгісіз ер адамның 10 жасар қыз балаға күш көрсетіп жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Бұл видео әлеуметтік желі пайдаланушыларының бірінің парақшасында жарияланды. 
Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі аталған жағдайдың болғандығын растады. 
«ІІД органдары күдіктіні іздестіріп жатыр. Қылмыс «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша орнатылған камералардың біріне түсіп қалған. Қазір оны ұстауға ІІД барлық жеке құрамы жұмылдырылып отыр. Қылмыс 12 мамырда болған. Қыздың ата-анасы 16 мамырда полицияға жүгінген», — деді баспасөз хатшысы С.Әзірбек. 
16 мамырдан бері Алматы полициясы еуропалық нәсілді, 45-50 жас шамасындағы, сақалды, күлпарасы бар қаракөк түсті киім киген ер адамды іздестіруде.