Елімізде «Эко-даму» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамытуға 275,3 млн. теңге бағытталмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде «Эко-даму» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамытуға 275,3 млн. теңге бағытталмақ

Елімізде «Эко-даму» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамытуға 275,3 млн. теңге бағытталмақ

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ерекше қорғалатын аймақтар маңында орналасқан ауылды мекендерде

  • 19 Мамыр 2015
  • 1307
Фото - Caravan.kz


кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Эко-даму» бағдарламасымен алғашқы несиені берді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметінен.

2015 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Біріккен Ұлттар Ұйымының даму жөніндегі бағдарламасы бойынша 91, 7 млн. теңге мөлшерінде пайызсыз қарыз тартты. Бірінші транш — 45,9 млн теңге қорға аударылды. Бұл соманы игерген соң, қалған қаражат — 45,8 млн. теңге аударылады.
Қор болса, бұл бағдарламаға өз қаражатынан 183,6 млн. теңге бағыттап отыр. Жалпы, ерекше қорғалатын аймақтар маңында орналасқан ауылды мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Эко-даму» бағдарламасына 275,3 млн. теңге бағытталатын болады. 
Бағдарлама шарты бойынша, несие 4% жылдық сыйақы үстемесімен, жылдық тиімді сыйақы үстемесі 4,43%-дан аспайтын мөлшермен 4,5 жылға беріледі. Бір қарыз алушыға ең аз дегенде жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылданған күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағамы бойынша 100 айлық есептік көрсеткіштен ең көбі 5400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сома қарастырылған. 
Сондай-ақ бұл БҰҰДБ мен Қор арасындағы алғашқы келісім емес. 2008-2013 жылдары аралығында бірге «Табиғи орта» бағдарламасын жүзеге асырған болатын. Бағдарлама аясында 221,4 млн. теңгеге 154 адам несиелендірілді, деп атап өтілген хабарламада.