2015 жылы Екібастұзда темір-бетоннан бөрене жасайтын кәсіпорын іске қосылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылы Екібастұзда темір-бетоннан бөрене жасайтын кәсіпорын іске қосылмақ

2015 жылы Екібастұзда темір-бетоннан бөрене жасайтын кәсіпорын іске қосылмақ

Екібастұздық «R.W.S. Concrete» кәсіпорны жыл соңына дейін темір-бетоннан бөрене жасап шығаратын жаңа кәсіпорынды іске қоспақ.

  • 19 Мамыр 2015
  • 465
Фото - Caravan.kz


Жобаға салынатын инвестиция көлемі 3,3 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне индустриалды-инновациялық даму басқармасы өкілдері хабарлады.
Жоба жүзеге асырылған жағдайда шойын жол кәсіпорындары қырлы темір-бетон бөренелер жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Жаңа өндіріс ошағының қуаты жылына 850 дана жиынтық шығаруға мүмкіндік береді. Негізгі тұтынушылардың бірі – «Қазақстан темір жол» компаниясы мен тұйық жолдар мен подъезд жолдарының қожайыны болып саналатын жеке компаниялар.
Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 50 адам жұмыспен қамтылмақ.