Қазақстан мен Литва үкіметтері бірқатар құжаттарға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Литва үкіметтері бірқатар құжаттарға қол қойды

Қазақстан мен Литва үкіметтері бірқатар құжаттарға қол қойды

Бүгін Астанада ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов пен Литва Премьер-Министрі Альгирдас Буткевичюстің қатысуымен өткен келіссөздерден кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды.

  • 19 Мамыр 2015
  • 274
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, К.Мәсімов пен А.Буткевичюс екі елдің үкіметтері арасында құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар ҚР Қаржы министрлігі мен ЛР ІІМ жанындағы қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі қызметтің арасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (заңсыз жолмен табылған ақшаның ізін жасыруға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекеттер саласында өзара іс-қимыл туралы келісім бекітілді.
Бұдан бөлек, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті мен Литваның Мемлекеттік азық-түлік және ветеринария қызметі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстанның Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мен Литва Республикасының Клайпеда қаласы арасында достық пен ынтымақтастық жөніндегі ниеттестік хаттамасы бекітілді.