2015 жылы Қазақстан ДСҰ-на мүше болып кіреді - К.Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылы Қазақстан ДСҰ-на мүше болып кіреді - К.Мәсімов

2015 жылы Қазақстан ДСҰ-на мүше болып кіреді - К.Мәсімов

Биыл Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке енеді.

  • 19 Мамыр 2015
  • 361
Фото - Caravan.kz


Бүгін Астанада Литва Премьер-Министрі Альгирдас Буткевичюстің қатысуымен өткен келіссөздерден кейін ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

Бүгін шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында өзара ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері талқыланғанына тоқталған К.Мәсімов, бұл тұрғыда көліктік мәселелерге, өзара инвестицияларға ерекше мән берілгендігін атап өтті. 
«Қазақстан биыл Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруді жоспарлап отыр. Осы орайда Қазақстанның осы ұйымға енуіне қолдау көрсеткені үшін Еуропалық Одақ пен Литваға алғысымызды білдіреміз», — деді ҚР Үкіметі басшысы.