«6-шы жыл қатарынан екіжақты тауар айналымы тұрақты түрде артып келе жатыр. 2014 жылы ол 1 млрд. АҚШ долларынан асты. Бұл Литваның барлық Орталық Азия елдерімен тауар айналымының 75 пайызын құрайды», — деді ол.
Осы ретте Литва Үкімет басшысы мұндай нәтиже екі елдің бизнес өкілдерінің табысты жұмыстарының нәтижесі екендігін баса атап өтті. Сонымен бірге Литва өнеркәсіпшілері конфедерациясына, Литва кәсіпкерлері қауымдастығына және Қазақстанның «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттiгiне табысты бірлескен жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.
«Дегенмен, экономикалық ынтымақтастықтың негізгі әлеуеті әлі де болса түгесілген жоқ. Тамақ, ағаш өңдеу өнеркәсібі, электр құрал-жабдықтарын жасау, ІТ, медициналық қызмет, логистика және басқа да салаларда әлеуетіміз жоғары», — деді Алгирдас Буткявичюс.