Петропавлда арендалық-коммуналдық тұрғын үйге кезекте 10 мың адам тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда арендалық-коммуналдық тұрғын үйге кезекте 10 мың адам тұр

Петропавлда арендалық-коммуналдық тұрғын үйге кезекте 10 мың адам тұр

Петропавл қаласында арендалық-коммуналдық тұрғын үй кезегінде 10 мыңнан астам адам тұр. Олардың саны күн сайын өсіп келеді.

  • 19 Мамыр 2015
  • 494
Фото - Caravan.kz

Осы арада, биыл Петропавлда тек 2 үй пайдалануға беріледі. Бұл 135 пәтер, соның 50 пайызы ғана кезекте тұратындар үшін қарастырылған. Бұл туралы Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Бейсембаев ақпараттандырды.

«Арендалық-коммуналдық үйлер бойынша кезек күн сайын өсіп келеді. Қазіргі кезде кезекте 10 мыңнан астам адам тұр. Кезекті тұрған жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар ерекше толықтырып отыр, биылғы жылдан бастап салынып жатқан үйлердің 20 пайызы жетім балаларға ұсынылады. Екі үй барлық санаттағы азаматтарға берілсе, ондағы пәтерлердің 50 пайызы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің салымшылары үшін және тағы 50 пайызы — кезекте тұрғандарға үлестіріледі. Бұл 90 пәтерлік және 55 пәтерлік екі үй», — деді Б.Бейсембаев.

Петропавлдықтар  «Жас отбасы» мемлекеттік бағдарламасына да қызығушылық танытып отыр. 600 өтініш түсіп үлгерген. Бұл ретте биыл 168 пәтер болатын тек екі үйді тапсыру жоспарланды.

«2015 жылдың 2 сәуірінен бастап Петропавлда «Жас отбасы» бағдарламасы басталды. Өтініштерді қабылдау 15 сәуірде аяқталған. Барлығы 600-ден астам өтініш қабылданды. Қазіргі кезде мәліметтерді өңдеу жұмысы жүріп жатыр. Үйлер пайдалануға берілгеннен кейін, өтініштер тұрғын үй комиссиясының отырысында қарастырылады. Биылдан бастап бізде толық емес отбасылар да қатысып отыр. Негізгі талап: баспананың болмауы, қалада тіркелу, табысы туралы анықтама. Ағымдағы жылы «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша екі үй пайдалануға берілмек: 93 пәтерлік және 75 пәтерлік», — деп қосып өтті Б.Бейсембаев. 


В Петропавловске в очереди на арендно-коммунальное жилье состоит 10 тысяч человек В Петропавловске в очереди на арендно-коммунальное жилье состоит 10 тысяч человек В Петропавловске в очереди на арендно-коммунальное жилье состоит 10 тысяч человек