Павлодарда баланы ажалдан құтқарған оқушы марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда баланы ажалдан құтқарған оқушы  марапатталды

Павлодарда баланы ажалдан құтқарған оқушы марапатталды

Павлодарда өз өмірін қатерге тігіп, 4 жасар баланы ажалдан құтқарған жеткіншек марапатталды. 8-ші сынып оқушысы Зейнеп Қабылбек биыл ақпан айында өрт сөндірушілер жеткенше, жалын ішінен бүлдіршінді аман алып шыққан болатын.

  • 20 Мамыр 2015
  • 348
Фото - Caravan.kz

Зейнеп қарсы үйдің бірінде түтіннің иісі шығып жатыр дегенді көршілерінен естіп, алды-артына қарамай сонда жеткен. Іштен баланың шырылдаған дауысын естіген ол, қою түтіннің ортасынан 4 жасар бүлдіршінді сыртқа алып шығады. Түтін жұтқан балаға сүт беріп, алғашқы көмек те көрсеткен. Қаршадай қыздың қайсарлығына тәнті болған өрт сөндірушілер оны марапатқа ұсынған еді.


Зейнеп Қабылбек, оқушы:

-20-шы ақпан күні мен баланы құтқарғаным үшін бүгін Төтенше жағдай комитетінен үлкен марапат алып жатырмын. Үйде де бір қуаныш бар. Анам босанды. Мен өте қуаныштымын.