Алматыда тұрғындар құрылыс компаниясымен қырқысып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрғындар құрылыс компаниясымен қырқысып жатыр

Алматыда тұрғындар құрылыс компаниясымен қырқысып жатыр

9 қабатты мұндай нысанды тұрғын үйге тақап салуға қалай және қай заңға сүйеніп рұқсат берілгенін тұрғындар әлі ұға алмай жүр. Сондықтан дау ұзаққа созылатын сынды. Олар прокуратура шағым түсіріп, мәселені енді сотта шешпек.

Фото - Caravan.kz

Мамырдың келуімен көпшілік жазғы демалысын жоспарлауға кіріссе, Алматының мына ауласындағы жұрт кезекті мердігермен алысуды бастайды.  Себебі 9 қабатты екі тұрғынүйдің ортасындағы 3 сотықтай жер 2008 жылдан бері 6 мәрте сатылып, зәулім ғимарат салынуға оқталғандар жыл сайын бой көрсетеді екен.

Топаргул Түстікбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

– Бұрын бұл жер көше болатын. Қоршау жұма күні сағат екіден кейін қойылды.Жел құлатып тастап еді оны алды да бүгін қайта көтеріп тастады. 9қабатты  үй салады. Мына жерде біздің суымыз, құдықтардың барлығы осы жерде. Телефон, ыстық су мен суық су, септик барлығы өтеді.

Жердің ендігі иесі «KAYRA» деп аталатын серіктестік екен. Жер телімін былтыр сатып алған фирма биыл 9 қабатты үй көтеруді жоспарлап отыр. Бірақ маңайдағы елмен келісуді олар да естен шығарған сияқты. Тіпті тұрғындардың кіріп-шығатын жолын бітеп, жұмысқа да кірісіп кеткен.

Айгүл Райымбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

Ешбір құжатты көрсетпейді. Меншік иесі екенін растайтын бірде-бір құжаты жоқ. Тіпті бізбен тілдесуден бас тартып отыр. Бейресми түрде анықтап көріп едік, бізге сәулет жоспарлау жобасының берілмегенін айтты.


Бірақ компания өкілдерінің өз уәждері бар. Айтуларынша, құрылысты бастауға барлық тиісті мекемеден рұқсат алынған. Тіпті көрші үй тұрғындарына қолайсыздық тудырмас үшін жерасты көлік тұрағын да саламыз деп отыр.

Ерлік Сағындықов, «KAYRA» ЖШС өкілі:

-Мен оларға кәріз құбырын немесе газ желісін зақымдасақ өз қаражатымызбен жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп түсіндіріп жатырмыз. Өз тарапымыздан қолайсыздық тудырмай, кешкі уақытта жұмыс жүргізбейтіндігіне уәде етемін.

9 қабатты мұндай нысанды тұрғын үйге тақап салуға қалай және қай заңға сүйеніп рұқсат берілгенін тұрғындар әлі ұға алмай жүр. Сондықтан дау ұзаққа созылатын сынды. Олар прокуратура шағым түсіріп, мәселені енді сотта шешпек.