10 жасар қыз баланы зорлады деген күдікпен Алматы тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
10 жасар қыз баланы зорлады деген күдікпен Алматы тұрғыны ұсталды

10 жасар қыз баланы зорлады деген күдікпен Алматы тұрғыны ұсталды

Алматы полициясы кішкентай қыз баланы зорлады деген күдікпен Алматы тұрғынын ұстады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

  • 20 Мамыр 2015
  • 675
Фото - Caravan.kz

«Бостандық аудандық ІІБ қызметкерлері кешкі сағат 20.00-де күдікті азаматты ұстады. 1963 жылы туылған ер адам Алматы қаласында тұрады екен. Қазір ІІД қызметкерлері қылмыстың жай-жапсарын анықтауда», — деді қалалық ІІД баспасөз хатшысы С.Әзірбек.

Толығырақ ақпарат 20 күні жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, Родостовец көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінде белгісіз ер адамның 10 жасар қыз балаға күш көрсетіп жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Бұл видео әлеуметтік желі пайдаланушыларының бірінің парақшасында жарияланды.


Қылмыс 12 мамырда болған. Қыздың ата-анасы 16 мамырда полицияға жүгінген.