В.Матвиенко: ЕАЭО заңдарын әзірлеуге Қазақстан парламентарийлері белсенді қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В.Матвиенко: ЕАЭО заңдарын әзірлеуге Қазақстан парламентарийлері белсенді қатысуда

В.Матвиенко: ЕАЭО заңдарын әзірлеуге Қазақстан парламентарийлері белсенді қатысуда

Еуразиялық Экономикалық Одақ - ұйымға мүше елдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын қуатты экономикалық интеграциялық бірлестік, деді

  • 20 Мамыр 2015
  • 377
Фото - Caravan.kz

Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенко ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізілген келіссөзден кейінгі брифингте. 

«Еуразиялық Экономкалық Одақ — 200 млн адам тұратын ғылыми-техникалық, өндірістік әлеуеті жоғары қуатты экономикалық интеграциялық бірлестік. Ол экономикамыздың белсенді дамуына, бәсекеге қабілетті болуда елдеріміздегі халықтардың жақсы өмір сүруі үшін жігерімізге күш беретін ұйым», — деді ол.

В.Матвиенко ЕАЭО-ны құру туралы идеяның авторы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Федерация Кеңесінің төрағасы өз сөзінде ЕАЭО аясының кеңейіп, дамуындағы екі ел парламентарийлерінің маңызды рөліне тоқталды.


«Қазақстан Ресей парламенттері ЕАЭО-ны құру кезіндегі келісімдерді дер кезінде ратификациялап, барлық заңдарды қабылдады. Біз, парламентаралық деңгейде нормативтік база дами беретінін түсінеміз. Қажет болған жағдайда мемлекет ішілік процедураларды синхрондауға да біз белсенді қатысатын боламыз. ЕАЭО құрылған база кеңейіп, дами түседі», — деді В. Матвиенко.

«Қазақстан Парламентінің делегациясы Парламентаралық Ассамблея құрамында модельді заңдарды дайындау тематикасын ұсынуда және соның ішінде модельді заңдарды әзірлеуде белсенді, өнімді жұмыс атқарып жатыр. Бұл заңдардың жартысы ЕАЭО-ға қатысты», — деді ол.