Альпідегі А320 ұшағы апатынан құрбан болғандардың барлығы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Альпідегі А320 ұшағы апатынан құрбан болғандардың барлығы анықталды

Альпідегі А320 ұшағы апатынан құрбан болғандардың барлығы анықталды

Тергеушілер француз Альпілерінде Germanwings әуе компаниясының А320 ұшағының апатынан қаза тапқан 150 адамның барлығының кімдер екенін анықтады, деп хабарлады Би-би-си.

  • 20 Мамыр 2015
  • 290
Фото - Caravan.kz


«Франс пресс» агенттігі хабарлағандай, бұл үрдіс бір жарым айға созылды. Өйткені көз жұмғандардың кейбіреулерін ДНК анализі арқылы ғана анықтау мүмкін болды. 

Енді тергеу ұшақ жолаушылары мен экипаж мүшелерінің өлімі туралы куәлікті ресми түрде ресімдеп, туыстарына мәйіттерді жерлеуге рұқсат бере алады. 

Естеріңізге сала кетейік, Germanwings неміс әуе компаниясының А320 ұшағы француз Альпілерінде наурыздың соңында апатқа ұшыраған.