Ағымдағы жылы Қазақстандағы Мексика Елшілігінің ашылуы жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылы Қазақстандағы Мексика Елшілігінің ашылуы жоспарлануда

Ағымдағы жылы Қазақстандағы Мексика Елшілігінің ашылуы жоспарлануда

Ағымдағы жылы Қазақстандағы Мексика Елшілігінің ашылуы жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова

  • 20 Мамыр 2015
  • 424
Фото - Caravan.kz


Мексика Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшісі Марта Елена Федерика Барсена Кокюден сенім грамотасын қабылдау барысында айтты. 

Г.Әбдіқалықова Мексика Елшісі Марта Елена Барсенамен әңгімелесу барысында Мексика Қазақстанның Латын Америкасындағы Бразилиядан кейінгі ірі сауда серіктесі екендігін атап көрсетті. Қазақстан мен Мексика арасындағы өткен жылғы тауар айналымы 120,8 млн. АҚШ долларын құрады. Мемлекеттік хатшы 2015 жылға жоспарланып отырған Қазақстанда Мексиканың Елшілігінің ашылуымен тікелей дипломатиялық қарым-қатынасты орнату еларалық байланыстарды саяси және экономикалық қана емес, әлеуметтік-гуманитарлық салаларда да тереңдетуге мүмкіндік туғызатындығын атап өтті. 
Екіжақты кездесу барысында мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытудың жай-күйі мен келешегі талқыланды. Г.Әбдіқалықова атап көрсеткендей, жаһандану жағдайында саяси, экономикалық, сауда, ғылыми, мәдени және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамыту біздің мемлекеттеріміздің ұлттық мүдделеріне сай келеді. 
Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша байланыстарды кеңейтудің өзара терең мүдделестігін танытты. Олардың қатарында қаржы, мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі салаларында, азық-түлік өнімдері өндірісіндегі, баламалы энергетикадағы және өзге де салалардағы ынтымақтастық бар.