Ресейдің Омбы қаласында балалар 6 пәтерді өртеп жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Омбы қаласында балалар 6 пәтерді өртеп жіберген

Ресейдің Омбы қаласында балалар 6 пәтерді өртеп жіберген

Омбылық жеткіншектер сіреңкемен ойнап жүріп, бірнеше шырпыны жағып, бірінші қабаттағы балконға лақтырған.

  • 20 Мамыр 2015
  • 402
Фото - Caravan.kz

Салдарынан өрт шығып, алты пәтерге зардабын тигізді, делінген бүгін РФ ІІМ Омбы облысы бойынша басқармасының сайтында.

«Куәгерлердің айтулары бойынша тәртіп сақшылары 7 және 11 жас аралығындағы төрт баланың ойнап жүріп, бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінің балконына тұтанған сіріңкені лақтырғанын анықтады», — делінген ведомство хабарламасында.

Салдарынан балкондағы мүлік отқа оранды. Кейін жалын тұрғын үйге көшіп, алты пәтерге зақым келтірді.


Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.

Қазір балалармен және олардың ата-аналарымен кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектор жұмыс істеп жатыр.