Биылғы оразаның уақыты белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы оразаның уақыты белгіленді

Биылғы оразаның уақыты белгіленді

Нағыз қайнаған ыстыққа тап келген оразаның уақыты белгіленді. Әлемдегі күллі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы биыл 18 маусымда басталады.

  • 21 Мамыр 2015
  • 827
Фото - Caravan.kz

Бүгін мүфтият облыстың имамдарын Астанаға жинап Рамазан айына әзірлікті талқылады. Бір айта кетерлігі, діндарлардың барлығы жиынға жақында енгізілген біртүсті ақ шапан киіп келген. Биылғы ораза 18 маусым, яғни жаздың нағыз аптап ыстығына дәл келіп тұрғандықтан бұл мұсылмандар үшін үлкен сынақ болмақ. Ал пітір садақаның көлемін мүфтият 200 теңге деп белгіледі. Сондай-ақ бас мүфти бүгін қасиетті ай кезінде дәулетті азаматтардан су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді сұрап үндеу жариялады.

Ержан қажы Малғажыұлы,
Бас мүфти:

-Қалталы азаматтарды, қайырымды азаматтарды осы су басқан елді-мекендергі үйсіз жайсыз қалған азаматтарға көмекке шақырып отырмыз. Оның барлығын құдай қаласа ұйымдастыратын жергілікті имамдар болады.