Ақтөбеде көпбалалы ана үй алу үшін жылда босануға мәжбүр екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде көпбалалы ана үй  алу үшін жылда босануға  мәжбүр екенін айтты

Ақтөбеде көпбалалы ана үй алу үшін жылда босануға мәжбүр екенін айтты

Ақтөбеде ерлі-зайыптылар жөргекақы алу үшін ғана дүниеге бала әкеледі. Жас отбасының өзі мұны ашық айтып отыр. Өйткені Қаражановтардың өзге кіріс көзі жоқ. Отағасы жұмыссыз. Ал жұбайы алтыншы сәбиге аяғы ауыр. Қазір құлағалы тұрған жаздық үйде шиеттей балаларымен тұрып жатыр.

  • 21 Мамыр 2015
  • 210
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе іргесіндегі Ақшат ауылында тұратын Талшын Қаражанова баланы жан бағу үшін туатынан жасырмайды. Себебі баласы бір жасқа толса айына алатын он мың теңгеден қағылады. Ал осы ақшаға қазір көпбалалы отбасы ас-суын айырып отыр.

Талшын Қаражанова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Жылда бала босанатын себебім: жәрдем бере ме Үкімет деп туасың. Туғың келмейді ғой шыны керек мынадай үйде тұрамын. Баланың бір жасқа дейінгі жәрдемақысымен күнелтіп отырмыз.

Туыстарының құлағалы тұрған жаздық үйде Қаражановтар 5 баламен тұрады. Аядай бөлмеде ас ішіп, осында жуынып-шайынады. Отағасы жазда ауылдың малын бағып ақша табады. Онысы да уақытша жұмыс. Ал биліктегілерге барып көмек сұрауға сауатының жетпейтінін айтады.

Азамат Қаражанов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Оқымағандықтан шығар енді кезінде. Оқуға барған жоқпыз. Үйде отырып қалдық. Сондықтан құжат жайын білмеймін.

Әкімдіктегілер бұл отбасының жағдайынан бейхабар екен. Себебі мұнда көмек сұрап бас сұқпаған.

Бағұзақ Дарин, Блогадар ауылдық аймағының әкімі: 

-Қаражановтар бізге  келген жоқ. Арызды келген бойда көп кідіртпей тексеру жұмыстарын жүргізуге, кім болса да жағдайларын қарауға мамандарды жібереміз.

Ақтөбеде пәтер кезегіне тұру үшін батыр ана атану керек. Сондықтан Талшын алты баламен тоқтап қалмайтынан айтады. Балаларының арқасында тек күн көріп қана қоймай, баспаналы болармын деп үміттенеді жас ана.