Интернеттен көңілдес іздеген шымкенттік келіншектің басы пәлеге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Интернеттен көңілдес іздеген шымкенттік келіншектің басы пәлеге қалды

Интернеттен көңілдес іздеген шымкенттік келіншектің басы пәлеге қалды

Әлеуметтік желіден ашына іздеген шымкенттік әйелдің жолы болмады. Ғаламторда танысып кездескен жігіті күйеуіне екеуінің арасындағы қарым-қатынас жайлы жеткіземін деп қорқытып, ақша бопсалаған.

  • 21 Мамыр 2015
  • 353
Фото - Caravan.kz

25 жастағы жігіт оңаша отырған жерлерінде бірнеше рет суретке түсіріп, кейін бұл фотоларды күйеуіңе көрсетемін деп қорқытыпты. Тіпті әлеуметтік желі арқылы масқаралаймын деп қыспаққа алған. Бір күн кездесемін деп бір жарым жыл бойы бопсалаудың құрбаны болған 28 жастағы келіншек осы уақыт ішінде бір жарым миллион теңге берген екен. Тек жігіт мұнымен де қанағаттанбай тағы 70 мың сұраған. Ол осы ақшаны алу кезінде қолға түсті. Енді кемінде 7 жылға сотталуы мүмкін.