Қарағанды облысында тасқыннан қираған үйлерді тұрғызу үшін 5,5 миллиард бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында тасқыннан қираған үйлерді тұрғызу үшін 5,5 миллиард бөлінді

Қарағанды облысында тасқыннан қираған үйлерді тұрғызу үшін 5,5 миллиард бөлінді

Қарағанды облысында су тасқыны салдарынан 459 баспана тұруға жарамсыз деп танылды. Оларды сүру жұмыстары маусым айында аяқталып, жаңа баспана күзге дейін салынып бітеді деп жоспарланып отыр.

  • 21 Мамыр 2015
  • 184
Фото - Caravan.kz

Тасқынынан зардап шеккен 1700 ге тарта отбасына 800 миллион теңгеге жуық өтемақы төленген. Ал апатты деп танылғандарының орынына жаңа баспана салуға бюджеттен 5 жарым миллард теңге жұмсалатын болды. Құлаған үйлердің көбі Мустафин ауылы мен Нұра станциясында екен. Суға батып өлген 1700-ден астам ірілі-ұсақты малдың орнына қазіргі таңда 600-ге тарта мал үлестірілген. Қалған жұрт кезектерін күтіп жүр. Ал су шайған жолдар мен құлаған 13 көпірді жөндеуге 4 миллиард теңге жұмсау қарастырылып отыр.