Петропавлда дүлей дауыл тұрып жұртты шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда дүлей дауыл тұрып жұртты шошытты

Петропавлда дүлей дауыл тұрып жұртты шошытты

Петропавлда кенеттен көтерілген дауыл электр желілерін зақымдап, алып ағаштарды тамырымен қопарды. Синоптиктер Еуропаның шығысынан келген циклон өңірде әлі үш күн тұрады деп отыр.

  • 21 Мамыр 2015
  • 304
Фото - Caravan.kz

Әсіресе, ескі ағаштар дауылдың екпініне шыдамады. Қала көшелері сынған бұтақтардан көрінбейді. Кеше ғана өңірде 20 градус ыстық еді, бүгін сынап бағаны небәрі 7 градусты ғана көрсетіп тұр. Қатты жел қаладағы қысқы бақтың шатырын да жұлып әкеткен. Оның бір бөлігі сол маңнан өтіп бара жатқан мына көлікті зақымдапты.  

Аслан Құрымбаев, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Келе жатыр едім, көлігіме қатты соққы тиді. Дыбысынан құлағым тұнып қала жаздады. Әрі қарай ұшқан шатырдың бір бөлігі кетіп бара жатқан екі адамға тие жаздады.