лимитті заңды түрде енгізу үшін бірқатар шаралар ұсынып отыр”, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
"Оның ішінде жеке тұлғалар үшін жалпы алатын қолма-қол ақша көлемі айына 3 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, заңды тұлғалар үшін 10 мың айлық есептік көрсеткіштен”, делінген сәрсенбіде көлеңкелі экономикаға қарсы күреске арналған отырыста таралған ақпаратта.
"Мұндай шектеулердің енгізілуі ақшалай қаражатты көлеңкелі айналымға әкетуге жол бермейді және салық түсімдерін арттыруға, сыбайластық деңгейін төмендетуге ықпал етеді, өйткені бюджет қаржысын ұрлау мен пара алудың негізі шайқалмақ”, делінген онда.