Ыстықкөлдегі су деңгейінің көтерілуі байқалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыстықкөлдегі су деңгейінің көтерілуі байқалуда

Ыстықкөлдегі су деңгейінің көтерілуі байқалуда

Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының су мәселелері мен гидроэнергетика институтының директоры Дуйшон Маматкановтың бағалауынша,

  • 21 Мамыр 2015
  • 309
Фото - Caravan.kz

соңғы жылдары Ыстықкөлдегі су деңгейі 1 метрге көтерілген. 

«Соңғы жылдары Ыстықкөлдегі су деңгейі 1 метрге көтерілді. Бұл көл маңындағы егіншілікке арналған жерлердің көбі пайдаланылмағандықтан болып отыр. Яғни, оны суаруға көлден су алынбайды», — деді ғалым.

Күннің жылып, мұздықтардың еруі екінші себеп екені аталып өтілді. Осы екі себепке байланысты Ыстықкөлге құятын өзендер көлге су құйып, оны толтырып жатыр. 
Д.Маматканов көлдегі судың көбеюі уақытша құбылыс деп отыр. Оның пайымынша, 10-12 жылдан кейін су деңгейі төмендей бастайды.  
Ыстықкөлге 80-ге жуық бұлақ пен өзен құятыны белгілі.