Ақтөбеде керікті қорлаған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде керікті қорлаған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде керікті қорлаған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ол жануарды қаланың қақ ортасындағы шағын зообаққа жеткізу үшін көліктің аядай тіркемесіне қамап қойған.

  • 22 Мамыр 2015
  • 264
Фото - Caravan.kz

Онымен қоймай, тіркеменің артын сыммен қатты матап тастаған екен. Оған керіктің аяғы ілініп, дәнеркерлеушінің көмегімен әрең босатылды. Оттан шошынған жануардың терісі күйіп, жан дауысы шыққан. Мұны көрген жұрт жағаларын ұстады. Қазір тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр. Кәсіпкердің қандай жазаға тартылатыны сотта белгілі болады. Ал әзірге Твига есімді керік сауда орталығының алдындағы қоршауда тұр. Айыпталып жатқан иесі Ақтөбеден хайуанаттар бағы ашылатын болса, тегін тапсырамын деп отыр.