ОҚО-да жүкті боп қалған оқушы қыз сірке суын ішіп өлмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да жүкті боп қалған оқушы қыз сірке суын ішіп өлмек болды

ОҚО-да жүкті боп қалған оқушы қыз сірке суын ішіп өлмек болды

Оңтүстік Қазақстанда жүкті боп қалған 8-ші сынып оқушысы сірке суын ішіп өлмек болды. Құдай сақтап, өзі де, құрсағындағы сәбиі де дін аман. Осыдан кейін ұстаздар шұғыл жиын өткізіп, жүкті қызды да, оның құрбыларын да «жеңіл жүрістілер» деп масқаралаған көрінеді. Енді жасөспірімдер мектепке бармай жүр.

  • 22 Мамыр 2015
  • 333
Фото - Caravan.kz

Сарыағаш ауданының Еңкес ауылындағы мектепте күнде жанжал. 8-ші сынып оқушысы Мәдина жүкті екенін біліп, сірке суын ішіп ауруханаға түскен. Мұғалімдер бірден жиналыс ашып, екіқабат қыздың құрбыларын да «бұзылған» деп масқаралапты. Енді жасөспірімдер мектептен безіп отыр.

Фатима Хасанова, 8 сынып оқушысы:

-Барғым келмейді ол жерге. Балалар сөйлейді. Сол күннің өзінде ауырып жүргем. Балалар сендер де қыз емес екенсіңдер ғойдеп айтты. Гинеколог тексереді деп күлді. « Қыз емессің» деп Гүлнар апай айтты.

Осы оқиғадан кейін мектеп ұжымы да жікке бөлінген. Оқушылардың бетімен кеткенін ұстаздар енді бір-бірінен көріп жатыр.

Ей, бәленің бәрін істеп отырған сендер. 32 мұғалім сабақта ақша алады. Сендер неғып тұрсыңдар. Сендер аталарыңның басына тұрсыңдар ма?

–Ей сен аузыңа қарап сөйле.

– Бұл жерде барлық нәрсені ұйымдастырып істегенсіңдер.

Жиналған мұғалімдерге сес көрсетіп жүрген бұл кісі ұстаз емес, дәл сол «қыз емессіңдер» деп айыптаған Гүлнар Қошанованың туған інісі екен. Ал жеткіншектерді қарабет қылды деген педагогтың өзі қан қысымы көтеріліп ауруханада жатыр.

Гүлнар Қошанова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

-Етек-бастарыңды жинап жүріңдер дедім. Оларға кеше мен барсам сіз маған «қыз емессің» деп айттыңыз дейді. Мен айта алмаймын. Менің аппаратым жоқ, қыз-қыз еместігін тексеретін.

Алайда, Қошанова мектептегі қыздарды тексерту үшін гинекологты шақырғысы келгенін растады. Себебі, екі жылда мектеп қабырғасында жүріп алты бойжеткен жүкті боп қалған.

-Оқу жылы аяқталып қалса да, үш қыздың мектепке келуі екіталай. Әуелі өкпелеткен ұстазы оқу ордасынан кетсін деп отыр. Сірке суын ішкен оқушы қыздың тұрмыс құрғалы жатқанын ескерсек, ол мектепке енді мүлдем келмеуі де мүмкін. Ал 5 айдан бері директор тағайындалмаған мектептің мұғалімдері болса жік-жікке бөлініп, бір-бірімен соттаспақшы.