Қарағандыда қымбат коттедж жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда қымбат коттедж жанып кетті

Қарағандыда қымбат коттедж жанып кетті

Қарағандының қақ ортасында бір кәсіпкердің екі қабатты зәулім үйі қызыл жалынға оранды. Өрт сөндірушілер апат орнына уақтылы жеткенімен, күшейіп алған тілсіз жау санаулы минуттардың ішінде ғимаратты күлге айналдырды.

  • 22 Мамыр 2015
  • 239
Фото - Caravan.kz

Өздері дін аман үйдің қожайындары аулада тұрған көліктерін ғана шығарып үлгеріпті. Бизнесменнің басқа дүние-мүлкі іште қалған. Шатырдан басталған жалын айналасы бір сағаттың ішінде 400 шары метр ғимараттың дымын қоймады. Бірнеше техника мен 44 өрт сөндіруші 2 сағат алысып жатып, үйдің сау тамтығы қалмағанда ғана жалынды өшірді. Қазір апаттың себептері анықталуда.