Астанада қатты нөсерге шыдамаған үйдің шаңырағы ортасына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қатты нөсерге шыдамаған үйдің шаңырағы ортасына түсті

Астанада қатты нөсерге шыдамаған үйдің шаңырағы ортасына түсті

Қайта қабырға аяқ асты опырылғанда баспанада ешкім болмаған. Далада қалған отбасы енді вагонды паналауға мәжбүр.

  • 22 Мамыр 2015
  • 206
Фото - Caravan.kz

Саманнан тұрғызылған үйдің қабырғасы алдымен жылжып, кейін бір қапталына қисая бастапты. Отбасы жөндеуге келер деп соңғы сәтке дейін осында тұрып келген. Алайда, бүгін үйдің бір қабырғасы опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Десек те, тізеге жететін ағын су іргетасты үгітіп жібергендіктен тағы бірнеше шаңырақты ортасына түсіруі мүмкін. Апта бойы толастамаған жаңбырдан қазір жеке сектордағы үйлер белуардан суда тұр. Резеңке етікпен үй ішінде әзер жүргендер бала-шағасы мен өз өмірлеріне алаңдаулы. Ал техниканың аздығын сылтауратқан коммуналдық қызмет мұнда әлі ат ізін салмаған.

Фарида Евтухова, Астана қаласының тұрғыны:

Бүгін алтыншы күн. Бір су соратын техника келген жоқ. Хабарлассаң шақырту көп үлгермей жатырмыз деп дікеңдейді. Түсінбеймін. Аула емес, тым болмаса үйдегі суды тазартып берсе екен.