Ақтөбе облысында қырылып жатқан киіктерді көбі аналық боп шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында қырылып жатқан киіктерді көбі аналық боп шықты

Ақтөбе облысында қырылып жатқан киіктерді көбі аналық боп шықты

Қостанай облысында қырылған киіктердің саны 30 мыңға жуықтады. Бетпақдаланың әр жерінен тау-тау болып үйілген жануарлардың өлекселері табылып жатыр. Көршілес жатқан Ақтөбе облысында да қазірдің өзінде қырылған ақбөкендер мың жарымға жеткен.

  • 22 Мамыр 2015
  • 261
Фото - Caravan.kz

Ырғыз-Торғай резерватындағы «Сұңқария» учаскесінде оларды көметін жер іздестірілуде. Ол үшін жүз шақты жұмысшы мен отызға тарта техника тартылған. Сол жақтан оралған аймақ әкімінің орынбасары түз жануарларының жаппай қырылу себебін әзір нақты айта алмай отыр. Себебі, республикалық зертханаға жайылымдағы шөп пен топырақ және су сынамаларын енді жөнелткен. Оның қортындысы он күнсіз дайын болмайды.

Мұхтар Жұмағазин, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

-Аналық киіктер өліп жатқан байқадық. Енді лақтары бар. Бірсыпыра олардың ішінде де шығын бар деп айтуға болады.