Әлімқұловтар әулеті үш жастағы баласынан айырылғанына әлі де сене алатын емес. Сенбі күні түске тақау үйден шығып кеткен Жаснұр сол күйі қайта оралмады. Ауыл тұрғындары мен тәртіп сақшылары жоғалған бүлдіршінді жабыла іздеп, қуыс-қуысты тінтігенімен таба алмаған. Ал, ертесіне әбден азапталған бөбектің мәйітін көрші әйел жақындарына өз қолымен тапсырыпты.
Наурызбай Әлімқұлов, Жаснұрдың әкесі:
-Баланы әбден қинаған ғой.Мына кеңіртегін үзіп тастаған. Басы істемейді, зорлап тастаған баланы. Суға салып тастаған , аяғы былай әппақ болып ісіп кеткен.
Осы ауылдас әйел мен оның 55 жастағы күйеуі бірден күдікке ілінген. Себебі келіншек бастапқыда баланың өлі денесін бақшасынадағы ескі әжетханадан табылды деп айтып, кейін мәйітті үйіндегі істемейтін тоңазытқыштан шыққанын мойындаған. Қайғыдан қан жұтқан отбасы, бүлдіршіннің қазасын ерлі-зайыптыдан көріп отыр. Айтуларынша, ата-сақалы ауызына түскен азғын сәбиді зорлап, азаптаған. Ал, әйелі күйеуінің осы қылмысын жасырмақ болыпты.
Наурызбай Әлімқұлов, Жаснұрдың әкесі:
-«Жынды» деген қағазы бар, өзі отырып шыққан. Мүмкін құтылып кете ме? Өйткені шал не жыламайды, не айтпайды бедірейіп алған. Мен білмеймін, мен білмеймін дейді. Ал кемпір,қолымнан ештеңке келмеді, қайтем енді, қайтем енді деп жылайды да отырады.
Күдікті бірнеше жыл бұрын Қырғызстаннан қоныс аударған екен. Бұған дейін сотты болған азаматқа қатысты енді кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, бүлдіршінмен жыныстық қатынасқа түскен-түспегенін анықтау үшін сот сараптамасы тағайындалған. Тергеу құпиялығына байланысты басқа деректер ашық айтылмай жатыр.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
-Күдікті Қырғызстан Республикасында ұрлық дерегі бойынша сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті және оның жұбайы уақытша тереу изоляторында ұсталып отыр.
Күдіктінің қылмысы дәлелденсе 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалған мәлімет бергені үшін әйелі де жазасыз қалмайтын тәрізді. Бұл сұмдық оқиға бұйығы жатқан елдің төбе шашын тік тұрғызды. Қазір тұрғындар балаларын көшеге шығаруға қорқады.