Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері де жаңбырлы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері де жаңбырлы болады

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері де жаңбырлы болады

Қазақстанда алдағы күндері де жаңбыр жауады, оңтүстікте бұршақ жауады деп күтілуде.

  • 22 Мамыр 2015
  • 353
Фото - Caravan.kz

Тек елдің батысында ғана күн ашық және ыстық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Республика аумағында жауынның жаууына әсерін тигізген циклон Шығыс Сібірге көшті. Алайда оның әсері сақталды. Сондықтан демалыс күндері көптеген облыстарда кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 18-25 м/с дейін күшеюі ықтимал», — делінген хабарламада.


Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бұршақ жауады, таулы аудандарда толассыз жаңбыр жауады деп күтілуде. 
Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көпжылдық орташа температурадан 2-5 градусқа төмен болады деп шамалануда. Тек батыс облыстарда ғана күн ашық, ыстық болады.