Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мұратбек Шәмілұлы Тақамбаев 1963 жылы туған, жоғары білімі бар. 1985 жылы С.М.Киров атындағы Ленин орденді Омбы ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп бойынша экономист мамандығын бітірді. Еңбек жолын 1985 жылы Омбы облыстық қаржы басқармасының резизор-инспекторы болып бастады.
1986 жылғы қыркүйек пен 1995 жылғы қыркүйек аралығында Омбы облыстық қаржы басқармасында әртүрлі мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарды. 1998 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржылық-несие басқармасы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
1999 жылғы маусым мен 2005 жылғы ақпан аралығында Ақмола облыстық қаржы басқармасы директорының орынбасары қызметін атқарды.
2005 жылғы ақпанда Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2006 жылғы мамыр мен 2012 жылғы тамыз аралығында Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы қызметінде болды.
2012 жылғы тамыздан Степногорск қаласының әкімі лауазымын атқарды. «Құрмет» орденімен, мерейтой медалімен марапатталған.