Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті.
«Форум шеңберінде әлемнің ірі өнеркәсіптік компанияларымен жалпы құны 1 млрд. доллар болатын 8 меморандумға қол қойылды. Оның 5-еуі — өз бизнестерін қайта қаржыландыруға ниет танытқан Қазақстанда жұмыс жасап жүрген инвесторлар. Сондай-ақ форумда қазақстандық кәсіпкерлер ірі қаржылық институттармен, инвесторлармен, Жапония сауда компаниясымен және өзге де өкілдермен кездесті», — деп атап өтті ол.