ОҚО-да үш жасар қыз бала суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да үш жасар қыз бала суға батып кетті

ОҚО-да үш жасар қыз бала суға батып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында үш жасар қыз бала суға батып мерт болды, деп хабарлайды ОҚО ТЖД-нен.

  • 22 Мамыр 2015
  • 547
Фото - Caravan.kz


Қайғылы оқиға Сарыағаш ауданының Береке ауылында орын алған. ТЖД-нің мәліметтерінше, шағын арыққа құлаған сәби қыз санаулы минуттардың ішінде суға тұншықты. Оның мүрдесін ата-анасы анықтады.

Құтқарушылардың айтуынша, таяу күндері Сарыағаш ауданында 11 жасар мектеп оқушысы суға батып кетті. Арнадан үстіндегі құбырмен өтпекші болған ол абайсызда суға түсіп кеткен. Құтқарушылар оның мүрдесін тек екі күннен кейін анықтады. Енді арналар мен арықтар арқылы өтетін барлық жолдар ТЖ қызметкерлері мен шенеуніктердің ерекше бақылауында болмақ. Биылғы жылы облыс бойынша суға 11 адам батып кеткен.